«24 сәуір күні НО - 12 тобының кураторы Кожухова К.М алкогольдің адам денсаулығы мен өміріне әсері туралы маңызды тақырыпқа арналған кураторлық сағат өткізді.
Кездесу барысында студенттер алкогольдің физикалық және психикалық жағдайға тигізетін теріс әсері, зиянды әдеттердің қалыптасу қаупі туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы мен зиянды әрекеттердің алдын алу жолдары қарастырылды.
Мұндай кездесулер студенттердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.