Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Сондықтан колледж оқытушылары мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.
2025 жылдың 27 қаңтарында «Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледж» мекемесінде кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша Көкшетау қаласының №12 ЖБМ оқушыларына Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында студенттер колледждің материалдық-техникалық базасымен танысуға, оқу үдерісінің тиімді жақтары мен құралдарын білуге мүмкіндік алды. Оқытушылармен әңгімелесу барысында студенттер оқыту әдістемесі мен технологиясы, колледжге түсу шарттары, оқу процесінің ерекшеліктері, дуальды оқыту, сабақтан тыс жұмыстары сияқты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.