2024 жылдың 8 қарашасында Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің ұйымдастыруымен ЭкоТур BEST «Бурабай - Қазақстанның інжу маржаны» атты республикалық фестивалі өтті.
Фестивальға қатысушылардың жұмыстары 3 секцияда қарастырылды: 1 секция - «Жаһандық қауіптер мен өзекті мәселелер» атты ғылыми конференция, 2 және 3 секция - Ғылыми - зерттеу жобаларды қорғау.
«Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті Даулетбаева Аижана 3 секцияның жұмысына қатысты. Жуманбаева Г.Ж., Анисова А.С. оқытушыларының жетекшілігімен әділ - қазылар алқасына «Бурабай аңыздары» атты шолу экскурсияның брошюра - флаерын ұсынды.