Ерте жүктіліктің алдын алу және студенттердің хабардарлығын арттыру мақсатында
колледжімізде 1 - курс студенттері үшін тақырыптық кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Қожухова К.М., Сәкенова Б.А. және медициналық қызметкер Гаврилова О.С. қатысып,
студенттерге ерте жүктіліктің физиологиялық және психологиялық аспектілері, ана мен бала денсаулығына төнетін мүмкін қауіптер туралы әңгімелеп берді.
Студенттер белсенді түрде пікір алмасып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Бұл олардың
тақырыпқа деген қызығушылығының жоғары екенін және бұл мәселенің жастар үшін өзекті екенін көрсетті.
Осындай іс - шаралар студенттердің өз денсаулығына және болашағына жауапкершілікпен
қарауына ықпал етіп, білім деңгейін арттырады және ерте жүктілік жағдайларының азаюына септігін тигізеді.