2025 жылдың 28 сәуірінде «Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде» «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағат барысында студенттер Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретіндегі ерекшеліктерін талқылады, еліміздегі халықтар арасындағы татулық пен келісімнің тарихи маңызы туралы ақпарат алды.
Студенттер өз ойларын ортаға салып, «Мен үшін Отан деген не?» деген сұрақ аясында пікірлерімен бөлісті. Достық пен өзара қолдаудың өмірде қаншалықты маңызды екендігін нақты мысалдармен дәлелдеді.
Кураторлық сағат жылы әрі достық атмосферада өтті.