Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік мәселесі өзекті болып отыр. Көптеген басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да жастар арасында алкогольдік ішімдіктерді тұтыну фактілері көбейген. Осыған орай, 24 сәуірде 12 УиА тобында куратор А.Т. Есенова.
«Қазақстандағы балалар маскүнемдігінің алдын алу: болашақты қорғайық!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл тәлімгерлік сағаттың негізгі мақсаты жасөспірімдердің алкоголизм мәселесіне саналы көзқарасын қалыптастыру, олардың ішімдік ішудің зияны туралы хабардарлығын арттыру және алкогольден бас тарту дағдыларын қалыптастыру болды.
Бұл күреске әрқайсымыз үлес қоса алатынымызды есте ұстаған жөн. Ата-ана болсын, ұстаз болсын, жасөспірімдердің өзі болсын, бәріміз еліміздің болашағының қорғаушысы бола аламыз. Жастардың денсаулығы мен әл-ауқаты бірінші орында болатын қоғам құруға бірге атсалысайық.
Болашақты қорғайық - бұл біздің ортақ міндетіміз!