ЗАҢДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 020000, КӨКШЕТАУ, Б. ӘШІМОВ КӨШЕСІ, 228 ҮЙ
8 (7162) 51-88-78
8 (7162) 50-40-63
ОҚУҒА ТҮСУ
ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
AA+

2025 жылдың 25 сәуір күні оқытушылар Хамзин А.С., Есілбай Д.Д., Есенова А.Т. және Негмеджанова Г.М. кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Біржан сал ауданының мектептерін аралады.

Кездесу барысында оқытушылар оқушыларға оқу мүмкіндіктері, оқуға түсу тәртібі, гранттар мен стипендиялар жөнінде жан - жақты ақпарат берді. Негізгі мақсат - оқушыларға кәсіби білім алу жолдарын түсіндіру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру және түрлі білім беру бағдарламалары туралы мағлұмат беру болды.

Сондай - ақ дуальды оқыту жүйесінің артықшылықтары мен болашақ мамандықты таңдаудағы саналы шешім қабылдаудың маңыздылығы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.

Мұндай кәсіби бағдар беру іс - шаралары жасөспірімдердің болашақ мамандығын дұрыс таңдауға, дүниетанымын кеңейтуге және саналы шешім қабылдауына үлкен ықпал етеді.