ЗАҢДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 020000, КӨКШЕТАУ, Б. ӘШІМОВ КӨШЕСІ, 228 ҮЙ
8 (7162) 51-88-78
8 (7162) 50-40-63
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
AA+

2025 жылдың 18 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Ұлттық кітап» күніне орай Жоғары қазақ гуманитарлық - техникалық колледжінің НО - 11 тобының студенттері үшін «Кітап кино әлемінде» атты библио - кафе өткізді.

Мақсаты - баспа кітаптарын оқуды және мультимедиялық өнімдерді пайдалана отырып, студенттердің ой - өрісін кеңейту, көркемдік - рухани тәрбие беру.

Студенттердің назарына кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана қорында бар кітаптармен таныстырылды.Барлық бөлімдеріне саяхат жасалды.

«Кітап кино әлемінде» бөлімінде қазақ кино туындыларынан үзінділер көрсетіліп, фильмнің қандай шығарманың желісімен түсірілгендігін, авторының кім екендігін табу керек болды.

Қатысушы студенттер өзара жарысып, белсенді қатысып отырды. Студенттерге сыйға кітаптар табысталды.