2025 жылдың 23 қаңтарында «Жоғары қазақ гуманитарлық - техникалық колледж» мекемесінде жалпы білім беретін пәндер және педагогикалық мамандықтар бойынша арнайы пәндер оқытушылары арасында колледжішілік кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау мақсаты: педагогтерді кәсіби - педагогикалық құзыреттілікті жетілдіруге ынталандыру; педагогтердің кәсіби әлеуетін ашу және оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын, әдістерін немесе құралдарын көрсету; кәсіби - педагогикалық және әдістемелік қызметтің тиімділігін талдау; үздік педагогтерді және олардың білім беру үдерісі үшін құнды тәжірибесін анықтау.
Байқауға «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Г.Ш.Ержанова, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Г.Ж.Жуманбаева, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының арнайы пәндер оқытушылары А.С.Хамзин және Е.М.Успанов, тарих пән оқытушысы Г.К.Рахимов, математика пән оқытушысы А.Е.Есенжолова, қазақ тілі мен әдебиеті пән оқытушысы М.А.Мажитханова байқады. Байқау қорытындысы:
1 орын - Г.К. Рахимов, Г.Ж. Жуманбаева.
2 орын - А.Е.Есенжолова, Г.Ш.Ержанова.
3 орын - М.А.Мажитханова, А.С.Хамзин.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, оларға облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!