Мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсаңында 12 - УиА тобында Қазақстан Қарулы Күштерінің рөлі мен маңызына, сонымен қатар студенттер арасында патриоттық сананы қалыптастыруға арналған кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағаттың мақсаты - жастардың бойында Отан қорғаушыларға деген құрмет сезімін ояту, патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту.
Куратор студенттерді жыл сайын 7 мамырда тойланатын мерекенің тарихымен
таныстырды.Таныстыру барысында Қазақстан армиясының дамуының негізгі кезеңдері, оның қауіпсіздік пен халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтылды.
«Борыш», «намыс», «патриотизм» ұғымдарын талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерін ортаға салып, әскери борышын өтеген туған - туыстары
туралы әңгімелеп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүргендерге құрмет көрсетті.