2025 жылдың 15 мамырында Жоғары қазақ гуманитарлық - техникалық колледжінің ОДД - 12 және НO - 11 тобының студенттері Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы ағашы» облыстық акциясына қатысты.
Акция отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған. Ағаш отырғызу бірліктің, ұрпақтар сабақтастығы мен болашаққа деген қамқорлықтың символына айналды.
Студенттеріміз әр ағашқа жүрек жылуын, отбасы - тамыр, табиғат - ортақ мұрамыз деген маңызды лебізін білдіріп, көшеттерді құлшыныспен отырғызды.
Мұндай іс - шаралар қоршаған ортаны безендірумен қатар, жастардың бойында жауапкершілік сезімін, отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!