Ағымдағы жылдың 11 наурызында жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Рахимбекова А.Е., Сәкенова Б.А., Абдушева Г.Ж. «Оқытушы портфолиосы өзін - өзі таныстырудың және кәсіби іс - әрекетін бағалаудың негізгі құралы» тақырыбында семинар - практикум өткізді.
Семинардың мақсаты: қатысушыларды оқытушы портфолиосының түрлері мен құрылымымен, оның кәсіби өсу үшін маңыздылығымен таныстыру, жинақтаушы ретінде пайдаланылатын цифрлық платформаларды қарастыру, "Ұстаз" платформасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Директордың оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Анисова А.С. оқытушыларды "Ұстаз" платформасында портфолио толтыру жөніндегі нұсқаулықпен таныстырды.