2025 жылдың 26 сәуірінде әлеуметтік педагог ЭМ - 12 және ОДД - 12 топтарының студенттерімен «Отбасы және оның құндылықтары» тақырыбында мазмұнды әңгіме өткізді.
Беседаның мақсаты - студенттердің отбасының маңыздылығын түсінуін қалыптастыру, жақын жандарға құрметпен қарауға тәрбиелеу және әр адамның өміріндегі отбасылық құндылықтардың рөлін ұғындыру.
Кездесу барысында келесі маңызды сұрақтар талқыланды:
- Отбасы адамның өмірінде қандай рөл атқарады?
- Тұлғаның үйлесімді дамуы үшін отбасылық құндылықтар неге маңызды?
- Отбасы ішінде сыйластықты, махаббатты және қолдауды қалай сақтау керек?
Әңгіме жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Студенттер белсенді түрде ой бөлісіп, отбасының маңызы мен туыстарға деген құрмет туралы өз пікірлерін білдірді.