2025 жылдың 29 сәуірінде «Жоғары қазақ гуманитарлық - техникалық колледж» мекемесінде жас оқытушылар арасында «Профи - 2025» атты кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауда 5 оқытушыдан тұратын 2 команда бақ сынасты.
Байқау мақсаты: оқытушы кәсібінің мәртебесін арттыру, байқауға қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу, шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау.
Байқау 4 кезеңнен тұрады: «Видеовизитка «Мамандықтар әлемі», «Ең үздік сабақтан тыс әзірлемесі», «Педагогикалық жағдаят», «Педагог таланты».
Байқау қорытындысы:
«Педагогикалық дебют» номинациясы - Р.Е.Карибаев
«Дарынды ұстаз» номинациясы - К.З.Карибаева;
«Құзыретті ұстаз» номинациясы - А.Е.Рахимбекова;
«Көшбасшы ұстаз» номинациясы - Б.А.Сакенова;
«Шығармашыл ұстаз» номинациясы - С.С.Жолдыбаев;
«Талантты ұстаз» номинациясы - А.Б.Байсерік;
«Заманауи ұстаз» номинациясы - А.А.Төребеков;
«Тәуекелшіл ұстаз» номинациясы - Е.Т.Тәшен;
«Әмбебап ұстаз» номинациясы - Е.Е.Карибаев;
«Жаңашыл ұстаз» номинациясы - Г.Ж.Абдушева.
Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды. Жас мамандарға шығармашылық табыс тілейміз!