ЗАҢДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 020000, КӨКШЕТАУ, Б. ӘШІМОВ КӨШЕСІ, 228 ҮЙ
8 (7162) 51-88-78
8 (7162) 50-40-63
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
AA+

26 сәуір - қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл.

Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі, қоғам қайраткері, түрлі жанрларда көптеген әдеби шығармалар жазды. Оның еңбектері Қазақстаннан тыс жерлерде де жарық көрді. Ол өз шығармаларында қазақ халқының тұрмысын, ұлттық құндылықтары мен тарихи кезеңдерін әдеби тілде бейнелеп, бай шығармашылық мұра қалдырды.

Колледждің оқу залында Қазақ КСР Халық жазушысы, қоғам қайраткері және ақын С.М. Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған "Сәбит Мұқанов: жазушының өмірі мектебі" атты кітап көрме - портрет безендірілді.

Көрменің мақсаты - көрнекті қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың шығармаларын дәріптеу, сондай - ақ жастар арасында қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау.

Кітап көрмесінде Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылған.

Кітап көрмесіне қатысуға және жазушының шығармаларымен танысуға шақырамыз!

Сондай - ақ"өмір мектебі" романының буктрейлерін қараңыз

https://youtu.be/J8cfsFt3KpA?si=MS7liYh1AlIE_7md

https://www.youtube.com/watch?v=VZtGM7eNRw