«Ұлы Жеңіске 80 жыл» және «Отан қорғаушы» күніне орай «Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында саппен жүру және ән айту облыстық конкурсы 2025 жылдың 4 - 5 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Шоқан Уалиханов атындағы Әскери колледж аумағында өткізілді.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
- Жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру;
- Отан мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындау үшін жауапкершілік сезімін тірбиелеу;
- Оқу взводы мен батальон құрамындағы саптық машықтықты және саптық үйлесімділікті үйлестіру.
Аталған конкурсқа ерлерден 15 команда, қыздардан 7 команда қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Жоғарғы Қазақ гуманитарлы - технологиялық колледжі 5 - орынға ие болды.