2025 жылдың 14 наурызында Жоғары қазақ гуманитарлы - техникалық колледжінде «Студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты семинар - практикумы өтті.
Күтілетін нәтижелер:
- студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасау;
- студенттердің функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесі бойынша оқытушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру;
- оқыту сапасын арттыру.
Жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында дене шынықтыру пән оқытушысы Е.М.Успанов «Ғажайып шуақты таң» тренингін өткізді.
Оқытушылар “Greenpeace”, “Creative”, “Readers - dreamers”, “Hackers” атты 4 топқа бөлініп, топтық жұмыс жасады. Гринпис топ мүшелері «Функционалдық сауаттылық» атты кластерін құрып, қорғады, хакерлер тобы қауіпсіздік және жеке ақпаратты қорғау ережелерін құрды, шығармашыл топ оқытушылары кірпіштің күнделікті өмірде қолдану аясын қарастырды, арманшыл оқырман топ мүшелері «Соқыр қыз туралы әңгімесінің» басты кейіпкерінің іс - әрекетін талдады.
Сәйкестендіру тапсырмасын орындау барысында оқытушылар студенттердің функционалдық сауаттылығын дамыту және оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін осы әдістерді қолдану мүмкіндігін қарастырды.
Химия және биология пәнінің мұғалімі Г.М.Хайдарова А.Конан - Дойлдың «Баскервилей иті» әңгімесінің үзінді негізінде құрылған тапсырмаларды көрсете отырып, химия сабағында студенттердің функционалдық сауаттылығын дамытатын технологияларды пайдалану тәжірибесімен бөлісті.