2025 жылғы 12 мамыр күні студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлық: біл және жол берме» тақырыбында іс - шара өткізілді.
Іс - шара «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының қатысуымен ұйымдастырылды. Іс - шараның мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту және жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты тәрбиелеу.
«Саналы ұрпақ» клубының мүшелері презентациялар ұсынып, ақпараттық материалдар дайындап, өз қатарларымен белсенді пікірталас жүргізді.
Іс - шара барысында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен түрлері, оның қоғам мен мемлекетке тигізетін кері әсері, сондай - ақ оның алдын алу жолдары мен жеке қарсы әрекет ету тәсілдері талқыланды.
Студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарымен және өмірден алынған мысалдарымен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар ортақ пікірге келді: жемқорлықпен күрес әр адамнан басталады және кез келген өмірлік жағдайда адалдықты сақтау маңызды.