Қазақстан Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледж кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз елдің жастары","Ел тәуелсіздігінің шежіресі" - тақырыптық көрме - шолу рәсімделді.
Көрмеде мемлекетіміздің қалыптасуының әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін, ел тарихының айтулы сәттері туралы баяндайтын және өткеннің жарқын жақтарын бейнелейтін кітаптар ұсынылған.