2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Жоғары қазақ гуманитарлық - техникалық колледж» мекемесінде Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған Тілдер онкүндігі басталды.
Онкүндік аясында «Тіл - баға жетпес мұра» атты кітап көрмесі, «Тіліміздің теңдігі - ұлтымыздың елдігі» атты білгірлер турнирі, кино кеші, «Қазақ тілі - Мәңгілік ел тұғыры» тақырыбында кураторлық сағаттары, «Сәтті билет», «Түрлі ұлттардың достығы» мәнерлеп оқу сайысы, «Қазақтың ұлттық ойындары» спорттық іс - шарасы өтеді.
Баршаңызды достықтың, бейбітшілік пен берекенің тамаша мерекесіне арналған барлық іс - шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.