Бүгін, 2025 жылғы 26 сәуірде, «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында
Жоғары қазақ гуманитарлық - техникалық колледжінің студенттері экологиялық сенбілікке белсене қатысты.
Студенттер колледж аумағы мен оған іргелес жатқан аймақтарды тазалап, қоқыс жинап, жасыл аймақтарды ретке келтірді. Шара жоғары жауапкершілікпен, бірлік пен табиғатқа жанашырлық рухында өтті.